
Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні қарсаңында Қарағанды Жастар ресурстық орталығы "Біз есірткіге қарсымыз" атты қалалық сурет байқауын жариялайды.
Байқауға 14-тен 28 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады. Өтінімдер 18-23 маусым аралығында қабылданады.
Қатысушы байқауға салауатты өмір салтын насихаттайтын суреттерді ұсынуы тиіс.
Байқауға қатысу үшін:
- @qaragandy_jastary аккаунтына жазылу;
- міндетті түрде @qaragandy_jastary белгілеп, салған суретіңіздің фотосын өз парағыңызға орналастыруыңыз керек.
Байқау қорытындысы 25 маусымда шығарылады. Үздік үш жұмыстың авторлары дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.
Байқау туралы толығырақ ақпаратты 50-40-62 нөмірі арқылы немесе тікелей @qaragandy_jastary арқылы білуге болады.