
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы қала тұрғындары мен қонақтарын "Қайда-қайда? Қарағандыда!" республикалық көрмесіне шақырады. Көрменің ашылуы 23 маусым күні сағат 16:00-де өтеді. Экспозиция мұражайда 4 шілдеге дейін ұсынылады.
Аталған көрмені өнер мұражайы Алматы қаласының "Яблоневая палитра" қауымдастығының суретшілерімен бірлесіп ұйымдастырды. Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау, сондай-ақ Ресей мен Германиядан келген 20-дан астам суретші мұражайға келушілер үшін өздерінің бірегей жұмыстарын ұсынады.
– Бұл көрме Қарағанды үшін маңызды мәдени оқиға болмақ. Көрменің атауы – әннің сөздері – жағымды ойларға баулиды. Бір кездері Қарағандыда тұрған немесе онымен қандай да бір байланыста болған танымал суретшілер жергілікті тұрғындарға сыйлық жасау туралы шешім қабылдады. Болашақта осындай көрмелер игі дәстүрге айналады деп үміттенеміз, – деп атап өтті Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы жетекшісінің орынбасары Александр Гехт.
Көрмеде бәріне таныс қалалық пейзаждар, сәулет формалары бейнеленген суреттер болмайды. Суретшілер түрлі жанрдағы шығармаларды ұсынады: натюрморттар, сюжеттік композициялар, портреттер, киіз кескіндеме, графика, литография және т. б.