Ақтау кентінің мәдени-демалыс орталығын жөндеу жұмыстарын шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Ақтау кентінің мәдени-демалыс орталығын жөндеу жұмыстарын шілде айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Ақтау кентінің мәдени-сауық орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мекеме өз тәрбиеленушілерін шілде айының соңында қабылдай алады. Орталықтың жеті үйірмесінде төрт жастан бастап 130-дан астам бала вокал мен биге оқытылады.

"Ақтау" мәдени-сауық орталығы 2002 жылдан бері 50 жылға жуық бұрын салынған кинотеатр ғимаратында жұмыс істейді.

Теміртау әкімдігінде хабарлағандай, биыл ғимараттың екінші қабатындағы үй-жайларды ағымдағы жөндеуге қаржы бөлінді. Маусым айының басынан бастап алдын ала әзірленген дизайнерлік жоба бойынша жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстарды аяқтау шілде айының соңына жоспарланған.

– Орталық – біздің кенттегі жалғыз мәдениет ұйымы, – деп атап өтті Ақтау әкімі Әнуарбек Бахриденов. – Қазір ғимараттың екінші қабатына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, көрермендер залында біз барлық 144 орындықты ауыстыруды қарастырдық.

Өткен жылы ғимараттың қасбеті, жертөле мен көрермен залы жөнделді.