Қарағандылық жастарды аула футболының лигасына қатысуға шақырады

Қарағандылық жастарды аула футболының лигасына қатысуға шақырады

Қарағандыда шілде-тамыз айларында қалалық «Аула футболы Лигасы – 2021» өтеді. Оған үш жас санатында 13 жастан 21 жасқа дейінгі барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Ең бастысы – өз тобыңызды жинап, қатысуға өтініш беру.

Өтінімдер 5-шілдеге дейін 8-702-512-68-88 нөмірі бойынша қабылданады.

Ұйымдастырушылар – Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және Jas Otan жастар қанаты.