
Қарағанды кеншілер мәдениет сарайы балаларды "Менің Астанам" атты асфальтта сурет салу байқауына шақырады. 8–13 жас аралығындағы балалар елорданы туған күнімен құттықтайды.
Байқау 6 шілдеде сағат 12:00-де мәдениет үйінің алдындағы алаңда өтеді. Оның негізгі тақырыбы – Нұр-Сұлтан, оның көрікті жерлері, көшелері мен тұрғындары.
Іс-шараға қатысу үшін 5 шілдеге дейін WhatsApp (+7-775-710-50-94) арқылы тіркелу қажет. Орындар саны шектеулі. Карантиндік шектеулерге байланысты 20-дан артық адам тіркеле алмайды.
Байқаудың барлық қатысушылары дипломдар мен сыйлықтарға ие болады.
Толығырақ ақпарат келесі телефон нөмірлері бойынша қол жетімді: (8-7212) 41-27-26, +7-707-121-83- 99, +7-708-294-15-36.