Жақсылық жаса: Топар кенті мешітінің жамағаты жергілікті ауруханаға 150 литр қымыз жіберді

Жақсылық жаса: Топар кенті мешітінің жамағаты жергілікті ауруханаға 150 литр қымыз жіберді

Абай ауданы Топар кентінің мешіті қайырымдылық акциясын өткізді. Жергілікті аурухананың емделушілеріне 150 литр қымыз таратылды.

– Біз тұрақты негізде түрлі қайырымдылық акцияларын өткіземіз. Өткен жылы ауруханалар мен қарттар үйлеріне қымыз тараттық. Биыл Топар ауылының ауруханасына осы емдік сусынның 150 литрін әкелдік, – деді Абай ауданының бас имамы Аманбол-қажы Рымқұлұлы.