«Арқа сазы» фольклорлық ансамблі қарағандылықтар алдында өнер көрсетеді

«Арқа сазы» фольклорлық ансамблі қарағандылықтар алдында өнер көрсетеді

17 маусымда «Шалқыма» концерт залында «Арқа сазы» фольклорлық ансамблінің концерті өтеді. Басталуы 18:30.

Концертке ансамбльмен бірге Ержан Базарбеков, Ришат Шәбденов, Рысты Рахымжан, Гүлмира Тапай, Айнұр Дәулетбаева, сондай-ақ музыканттар Арман Айнабаев, Елжас Кәрімов, Индира Тарғынова (домбыра), Дариға Хамза (қыл қобыз), Динара Хасанова (прима-қобыз) және Тілеужан Қордабаева (жетіген) қатысады.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – ҚР Мәдениет қайраткері Байғара Сәдуақасов.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.