«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық байқауында Қарағанды облысының командасы жеңімпаз атанды

«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық байқауында Қарағанды облысының командасы жеңімпаз атанды

«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қарағанды облысы жеңіп алды. Іс-шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Биылғы жылы балалар арасындағы байқау тағы да онлайн-режимде өткізілді. Оған облыстық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздарынан 170 адам қатысты.

Қарағанды облысын тоғыз номинация бойынша тоғыз оқушы таныстырды. Бірінші орынды Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Аңсар Сиынбай, Қарағанды қаласының №17 ЖОББМ сегізінші сынып оқушысы Диана Ембергенова және Жезқазған қаласының №26 гимназиясының 7 сынып оқушысы Егор Батаев иеленді.

Диана Ембергенованың «Альманах – Қарағанды облысы бойынша жолсілтеме» атты жобасы облыс үшін ғана емес, бүкіл ел үшін қызықты әрі маңызды жоба болды.

– Мен жоба бойынша тарих пәнінің мұғалімі Светлана Перетятькомен бірге төрт жыл жұмыс істедім, – дейді байқау жеңімпазы. – Тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ. Мектептегі өлкетану клубының сабақтарында біз аймақтың қасиетті және есте қаларлық жерлерін зерттейміз. Сонымен қатар, Қарағанды облысында көптеген мәдени нысандар орналасқан. Біз сауалнама жүргізіп, тарихи орындар туралы ақпаратты жерлестеріміз аз білетінін анықтадық. Осындай орындардың біріне кем дегенде бір рет барғандар аз.

Ағартудан басқа, жоба тағы бір мақсатты көздеді. Ол саяхаттау үшін ұсынылған орындардың егжей-тегжейлі сипаттамасы бар жол жүру маршрутын әзірлеу.

– Біз жасаған альманах – жолсілтеме ретінде қарағандылықтар мен облыс қонақтарына өңірдің тарихымен, мәдениетімен және бірегей табиғи аймақтарымен танысуға мүмкіндік береді, – деп есептейді бойжеткен. - Жоба бойынша жұмыс жүргізу қызықты болды. Біз Survey Monkey платформасымен таныстық, саяхатты жоспарлауды, «Яндекс» және Google Maps карталарымен жұмыс істеуді үйрендік. Біз жасаған жоба өлкетану сабақтарында көрнекі материал ретінде пайдаланылатын болады, сондай-ақ біздің мектептің мұражай кешенін безендірудің бір бөлігі болады.

Диана ата-анасымен бірге жол сапарын жоспарлап, қажет болған жағдайда альманахқа түзетулер енгізуді жоспарлап отыр. Одан әрі оны мемлекеттік тілге аударып, Қарағанды облысының киелі орындары бойынша жинақталған ақпаратты мектеп Instagram-на бейімдеп, орналастырмақ.