Қазақ драма театры қарағандылықтарды жаңа қойылым премьерасына шақырады

Қазақ драма театры қарағандылықтарды жаңа қойылым премьерасына шақырады

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды академиялық драма театрының сахнасында "Арманым -Әселім" спектаклінің премьерасы өтеді. Режиссер – белгілі қазақстандық әртіс, педагог, сценарист, драматург Талғат Теменов.

– Бұл спектакльді мен балалар театрында, Мүсірепов және Қуанышбаев атындағы театрларда қойып үлгердім. Премьерасы Қарағандыда 18, 19 және 20 маусымда сағат 18:30 – да өтеді. Көрермендерді мәңгілік махаббат тарихына шақырамын. "Арманым – Әселім" – Шыңғыс Айтматовтың алғашқы шығармаларының бірі. Жазушының повесі 140 тілге аударылған, – дейді Талғат Теменов.

Қарағанды театрындағы тұсаукесерге дайындық аяқталуға жақын қалды. Қазір Қалибек Қуанышбаев атындағы астаналық театрдың суретшісі Шынар Елембаевамен, сондай-ақ Қарағанды музыкалық комедия театрының балетмейстері Дина Жақыпбаевамен жұмыс жүргізілуде.

Спектакльде қырғыз әншісі және композитор Бек Борбиевтің шығармалары, Клод Дебюссидің, Том Джонстың және т. б. шығармалары орындалады.

Басты кейіпкерлерді – Ілияс пен Әселді қазақ драма театрының сахнасында Амира Омарова мен Ахай Жұмамұратов сомдайды.

– Сюжет мынадай: менің кейіпкерім Әсел есімді қызбен танысады. Жастар бір-біріне ғашық болады. Бірақ Әсел Ілиясқа ата-анасы оған күйеу жігіт тапқанын және жақында оның үйлену тойы болатынын айтады. Содан кейін жас жігіт қызды ұрлап, оны үйінен алып кетуді шешеді. Бірақ уақыт өте келе Ілияс маскүнемдік пен сатқындықтың кесірінен махаббатынан айырылады, - дейді Ахай Жұмамұратов. – Екі аптадан астам уақыт бойы дайындықтар жүріп жатыр, біз таңертеңнен кешке дейін дайындаламыз. Бұл менің Талғат ағамен алғашқы жұмысым. Біз одан көп нәрсені үйренеміз. Спектакль көрермендерімізге ұнайды деп үміттенеміз.