
Қарағанды тұрғындарын тәжірибелі жаттықтырушылардың басшылығымен таза ауада тегін спорттық сабақтарға қатысуға шақырады. Қаланың тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі пилоттық режимде Aulafit жобасын іске қосты. Оны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырумен "Қазақстан жастары фракциясы" қоғамдық қоры айналысады.
Жобаға бокстан Олимпиада чемпионы, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев бастамашы болды.
Aulafit – бұл тұрғын үйлердің аулаларындағы спорттық-сауықтыру жаттығулары. Негізгі мақсат – әрбір аға және орта буын, жастар мен балалар үшін қолжетімді жерде жаттықтырушылардың басшылығымен спортпен тегін айналысуға мүмкіндік беру.
– Жас шектеуі жоқ, - дейді Мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Анжелика Жуковская. – Кестеге сәйкес сабақтарға үш жастан асқан балалар қатыса алады. Жаттығулар дүйсенбіден басқа, күн сайын қаланың бекітілген алаңдарында өткізіледі. Осы жобамен біз барлық ықшам аудандарды, тіпті ең шалғай аудандарды да қамтуға тырыстық.
Таңертең ересектер үшін "Белсенді ұзақ өмір сүру" сабағы өтеді, күндіз балалар үшін жаттығулар, кешке жастар үшін жаттығулар өтеді.
– Тамыздың аяғында жаттығуларға жүйелі түрде қатысатын кемінде 700 адам болуы керек, – деді Анжелика Жуковская. – Біз барлық қарағандылықтарды шақырамыз. Жаттығуға қатысамын деп ниет білдірген аламға қойылатын талап – спортпен шұғылдану, ыңғайлы киім мен аяқ киімнің болуы.