Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Теміртау мұражайы халық назарына көне жәдігерді ұсынды

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Теміртау мұражайы халық назарына көне жәдігерді ұсынды

Бүгін Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында "Ай экспонаты" жобасы аясында "Павел Карлаш әскери фельдшерінің медициналық түтігі" экспозициясы ашылды.

Мұражай дәрігер күні қарсаңында ескі ағаш медициналық стетоскоп туралы баяндамақ. Қазақстанда мереке жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Мұражай қорында медицинаға қатысты жүзден астам жәдігерлер сақталған. Дәл осы түтік дәуірдің артефактісі ретінде ғана емес, сонымен қатар Теміртау қаласы үшін маңызды адамға тиесілі құрал ретінде де маңызды.

Әскери фельдшер Павел Карлаш көптеген марапаттар мен алғыс хаттарға ие болып, соғысты басынан соңына дейін өткен. Содан кейін ол металлургтер қаласының денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруға көп күш жұмсаған. Ол қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бірінші меңгерушісі болды. Қалалық жедел жәрдем станциясын құрды және оның бірінші меңгерушісі болды.

Instagram-да тікелей эфирге дәрігерді етене жақсы танитын адам, оның ұлы Валерий Карлаш қатысты. Ол әкесі жайлы баяндады.

Эфир мұражайдың әлеуметтік желідегі парақшасында қол жетімді.

Мұражай келушілер үшін дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Анықтама телефоны (8-7213) 93-19-05.