
"Алғашқы жұмыс орны" – бұл "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бағыттарының бірі. Жоба алғаш рет жұмысқа орналасқандарүшін.
Жоба келесі санаттағы жастарға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді:
- алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектерге;
- 29 жастан аспаған жастар қатарындағы жұмыссыздар, оның ішінде NEET санатындағы жұмыссыздар.
"Алғашқы жұмыс орны" қатысушылар үшін төмендегідей мүмкіндіктер береді:
- мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу;
- өзін көрсету және жұмысқа орналасу;
- мемлекеттен қаржылық қолдау алу.
Артықшылық көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектерге беріледі.
Жұмыс беруші кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады.
Қаржыландыруды халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде жұмыстың бірінші жылында ай сайын жүзеге асырады.
"Еңбек" бағдарламасына сәйкес субсидия (жалақы) мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, айына 20 АЕК-ті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды ескере отырып) құрайды.
Орындалатын жұмыстың көлемі мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақы белгілейді.
Жобаға қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
3) білімі туралы дипломның көшірмесі.
Толық ақпарат алу үшін Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Бұқар жырау даңғылы, 51/4. Анықтама телефондары: 996-393, + 7-775-644-35-80 (WhatsApp). Жоба туралы Сайттан да оқуға болады www.enbek.kz.