Қарағанды облысының кәсіпкерлері мен қоғамдық қорлары «Коронавирусты бірге жеңеміз!» акциясын іске қосты

Қарағанды облысының кәсіпкерлері мен қоғамдық қорлары «Коронавирусты бірге жеңеміз!» акциясын іске қосты

Балқаштың вакцинацияланған зейнеткерлеріне және Ұлытау ауданының тұрғындарына ақшалай сертификаттар беріледі. Ол сертификаттарға азық-түлік сатып алуға немесе коммуналдық қызметтерді төлеуге болады. Өңірдің кәсіпкерлері мен қоғамдық қорлары «Коронавирусты бірге жеңеміз!» атты акцяны іске қосты.

Балқашта акцияның бастамашылары жергілікті кәсіпкерлер болды. Олар ақшалай қаражат бөліп, азық-түлік дүкендер желісімен, сондай-ақ зейнеткерлердің сертификаттарын қабылдайтын қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен келісті.

«Сертификаттар вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін бірден егу пункттерінде беріледі. Олар жалғыз басты зейнеткерлерге және ең төменгі зейнетақысы бар адамдарға арналған. Сондай-ақ, оларды «қант диабеті» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған қарт адамдар алады. Біз тәуекел тобына жататын егде жастағы адамдарды вакцинациялауға ынталандыру үшін осындай акцияны іске қостық», – деп атап өтті Балқаш қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде.

Ұлытау ауданында вакцинацияланған азаматтарға ақшалай сертификаттар беру басталды. Оны «Арша Фаранд» қоғамдық қоры іске қосты. 5 мың теңге сомасындағы сертификаттар 65 жастан асқан вакцинацияланған аудан тұрғындарына және көп балалы отбасыларға беріледі.