
Романстарды сүйіп тыңдайтын қарағандылықтар үшін музыкалық комедия театры сыйлық әзірледі. 13 маусымда Қызыл залда "Сахнадағы солистер: романс жауһарлары" атты концерт өтеді.
Музыка әуеніне салынған лирикалық өлең шумақтары – театр репертуарының негізгі құрамының бірі болып табылады. Бұл таңқаларлық емес, себебі романстар әуезділігі және әуенімен әр түрлі ұрпақтардың, түрлі әлеуметтік топтар мен кәсіп иелерінің жан дүниесіне әсер етеді.
Бұл кеште А. Алябиев, А.Варламов, Н. Плевицкая, П. Лещенко және басқа композиторлардың шығармалары орындалады.
Сахнада театр өнері ғибадатханасының солистері: Елена Филинкова, Анна Беспалова, Елена Федорова, Дарья Пивень, Мария Васильева, Маржан Буланова, Виталий Ковалев, Денис Кудряшов, Андрей Панкин, Юрий Чапаев, Мария Барикова, Ғазиз Алиаскар, Александр Бойко, Даниил Цыганкин өнер көрсетеді.
Музыкалық сүйемелдеу Жанна Шестакова (рояль), Татьяна Полещук (скрипка), Алевтина Горлова (флейта), Дмитрий Усов (труба), Маргарита Туребекова (виолончель).
Басталуы 17:00.
Театрға кіру үшін телефоныңызға Ashyq қосымшасын жүктеу керек.