
Қарқаралы қаласының тұрғыны Аида Тойшыбекова Ташкентте өткен самбодан Азия чемпионатында жеңіске жетті. Спортшы 80+ кг салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Аида Теміртаудағы Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінде оқиды.
Бойжеткенді қазақ күресінен Азия чемпионы Дамир Әлімбаев жаттықтырады.