Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы ұлттық мәдениет күніне шақырады

Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапханасы ұлттық мәдениет күніне шақырады

7 маусымнан бастап Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында "Ұлттық мәдениет күні" акциясы өтуде. Іс-шаралар жаз бойы дүйсенбіде өтеді. Басталуы 11:00.

"Асық ойнауды үйренеміз" ұлттық мәдениет күнінің алғашқы күні асық ату қазақ ұлттық балалар ойынына арналды.

"Бірінші күні іс-шараға біздің оқырмандар мен "Гвоздичка" балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Олар "Хан талапай", "Құмар", "Бес асық", "Асық атып алу" сияқты асық ойындарының алуан түрлі қызықты түрлері бар екенін білді.

Сонымен қатар балалар ойынның пайда болу тарихымен танысты.

Келесі дүйсенбіде, 14 маусымда ұлттық мәдениет күні "Ою-өрнек – мәдени мұраның бір бөлігі" тақырыбында өтеді.

Балаларды "Жаз табақта. Әже әзірлеген пайдалы тағамдар" шарасына 21 маусымда шақырады. Аспаздық шеберханада оларға құрт жасауды үйретеді.

Ал 28 маусымда "Бесікке салу рәсімі" өтеді.

5 шілде күні жас музыканттарды домбырада ойнауды үйрететін "Қазағымның қазынасы – домбыра" шеберлік сабағы күтеді.

12 шілде күні кітапхана оқырмандары үшін "Қазақтың зергерлік бұйымдары" атты шеберлік сабағы өткізіледі.

19 шілде – "Қазақтың балаларға арналған белсенді ойындары".

26 шілдеде "Ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы" импровизация ойыны өтеді.

2 тамыз – "Ұлы дала аңыздары" суреттері бойынша әңгімелер.

9 тамыз күні кітапхана қонақтары үшін "Өрнекпен өрілген өнер" деп аталатын құрақ көрпе тігу сабақтары өтеді.

16 тамыз – "Қазақ киіз үйі" танымдық сағаты.

Соңғы сабақ 23 тамызда өтеді. Кітапқұмарларды "Қазақ авторларының балаларға арналған кітаптары" квизі күтуде.

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасы Бұқар жырау даңғылы, 30 мекен-жайы бойынша орналасқан.