Қарағандылық кітапқұмарларды "Кітап оқитын қала" акциясына қатысуға шақырады

Қарағандылық кітапқұмарларды "Кітап оқитын қала" акциясына қатысуға шақырады

Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы 10 маусым күні барлық кітапқұмарларды "Кітап оқитын қала" акциясына шақырады. Іс-шара сағат 11:00-де басталады.

"Сіз қазақ әдебиетін қаншалықты жақсы білесіз?" атты викторина және кітаптарға шолу өтеді. Қатысушыларға "Мерейгер-жазушылар – 2021" буклеттері, бетбелгілер және басқа да кәдесыйлар таратылады. Әр адамға сыйлыққа кітап тарту етеді.

– Мұндай акция жаз мезгілінде айына бір рет өткізіледі, – дейді кітапхана жетекшісі Нұргүл Қаленова. - Биыл айына екі рет өткізетін шығармыз. Акциялар әдетте кітапхана алдында, Орталық саябақта өтеді. Бұл жолы алғаш рет облыстық балалар клиникалық ауруханасының алдында, субұрқақтың жанында өтеді. Акцияның негізгі мақсаты – жазда балалардың бос уақытын ұйымдастыру, балаларды кітап оқуға тарту және кітапхананы танымал ету.