Қарағанды облысында экосенбілік барысында 32 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

Қарағанды облысында экосенбілік барысында 32 мың тоннадан астам қоқыс жиналды

Өткен сенбіде Қарағанды облысында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған сенбілік өтті. Шара барысында 32 мыңнан астам қоқыс жиналды.

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен және "Almighty ecology" ҚҚ бірлесіп "Бірге Таза Қазақстан" акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Қоқысты жинауға еріктілер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және облыстың белсенді тұрғындары қатысты.

Сенбілік кезінде қалдықтарды одан әрі арнайы ұйымдарға тапсыру үшін бөлек жинау ұйыдвстырылды. Жиналған қоқысты шығару үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен арнайы техника тартылды. Олар рұқсат етілмеген полигондарды тазартуға да қатысты.

Сондай-ақ, облыстық экология департаменті жыл сайынғы "Таза болса табиғат - аман болар адамзат" республикалық байқауының қорытындысын шығарды. Биыл аталмыш шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

6-8 жас аралығындағы жас санатында Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Артем Айзенах жеңіске жетті. 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасында бірінші орынды "Теміртау" балалар ауылынан Сымбат Сапарғалиқызы иеленді.

Сондай-ақ, Пионер балалар үйінің тәрбиеленушісі Виолетта Коллар 13-16 жас аралығында үздік деп танылды.

Жеңімпаздар грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, олардың фотосуреттері мен суреттері қаланың билбордтарына қойылады.