Қарағандылықтарды сенбілікке қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды сенбілікке қатысуға шақырады

Бесінші маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Қарағандыда ертең Федоров су қоймасы жағалауының бір бөлігіндегі қоқыстарды жинау жоспарлануда.

Жазда мұнда көптеген қарағандылықтар демалады. Өкінішке орай, кейбір қала тұрғындары қоқыс қалдырады. 5 маусымда демалушылар қалдырып кеткен қағаз, пластик және басқа да қалдықтар жай жиналып қана қоймай, қоқыс түрлері бойынша сұрыпталып, мамандандырылған ұйымдарға өңдеуге тапсырылады. Эко шара "Бірге таза Қазақстан" акциясы аясында жүзеге асырылады.

Іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер қатысады. Қала тұрғындары да сағат 10:00-де сенбілікке қатыса алады (орналасқан жері картада көрсетілген).

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша