
Қарағандылықтарды Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің XXXIII концерттік маусымының жабылуына шақырады. Концерт 6 маусым сағат 17:00-да "Шалқыма" концерт залында өтеді.
Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев және халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.
Естеріңізге сала кетейік, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік Ashyq жобасының қатысушысы болып табылады. Концерттерге қатысу үшін Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу және оны залға кіре берісте көрсету қажет.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.