
БАӘ-де бокстан Азия чемпионаты аясында әйелдер жарысы аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы жеңіске жетті. Біздің спортшылар он медальдың сегізін жеңіп алды. Сонымен қатар, қазақстандықтар чемпионаттың тоғыз финалына қатысты.
Қарағандылық Милана Сафронова финалда 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы Лалбуатсаихи (Үндістан) болды. Алдымен қарсылас басымдылық көрсеткенімен, Милана кейіннен алға шықты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті біздің спортшыға берді.
Айта кетейік, Азия чемпионатының финалына тоғыз қазақстандықтың шығуы – тарихи жетістік. Бұрын-соңды біздің көптеген спортшылар Азия чемпионатының басты жекпе-жектерінде өнер көрсеткен емес, демек, алтын марапаттар саны да рекордтық.
Ал ерлер арасындағы Азия чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақта қарағандылық Абылайхан Жүсіпов күміс жүлдегер атанды.
Финалдық кездесуде біздің боксшы өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровпен кездесті. Жекпе-жек қызу басталды, бірақ бір раундтан сәл аз уақытқа созылды. Жүсіповтің қабағы жарылып, жарақат алды. Соның салдарынан жекпе-жек тоқтатылды. Төрешілер жеңісті Батуровқа үлестірді.
Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша