Нұра ауданында екі отбасыға пәтер кілті табысталды

Нұра ауданында екі отбасыға пәтер кілті табысталды

Қарағанды облысының Нұра ауданында тұрып жатқан екі отбасына көптен күткен қоныс тойын тойлау бақыты бұйырды. Балаларды қорғау күні оларға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

39 жастағы Сандуғаш Смаилова 12 жыл бойы күйеуімен және балаларымен Нұра ауданында баспана жалдап тұрып келеді. Осы жылдар аралығында әйел баспана алуды армандағанын жасырмайды. Үш бөлмелі пәтердің кілтін алғаннан кейін ол өзінің қуанышын жасыра алмады.

– Бізде төрт баламыз бар. Үлкен ұлым жалдамалы пәтерлерде өскен. Оның және кішілерінің ешқашан өз бөлмелері болған емес. Бізге екі бөлмеде тұруға тура келді. Жалдау ақысы отбасылық бюджетімізге үлкен әсер етті. Енді бәрі артта қалды. Біз бақыттымыз және жаңа қоныстойға дайындалып жатырмыз, – дейді Сандуғаш Смаилова.

34 жастағы Сайлау Байғұланова да үш бөлмелі пәтердің иегері атанды. Әйелдерге кілттерді аудан әкімі Аян Шалмағанбетов салтанатты түрде табыс етті. Жаңа баспана иелерін қоныс тойымен құттықтап, молшылық пен бақ-береке тіледі.

Кезекте тұрғандар үшін баспана салынып жатқан екі пәтерлі жиырма үйдің бірінен бөлінді.