Жас қарағандылықтарды қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуге шақырады

Жас қарағандылықтарды қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтуге шақырады

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 5-ші маусымда "ЭкоОбраз" ҚБ және экологиялық мұражаймен ынтымақтаса отырып акция өткізеді. Шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған. Санитарлық нормаларды сақтау үшін барлық іс-шараларға алдын ала тіркелу қажет.

Акция әлеуметтік бейнероликтер байқауына қатысушыларды салтанатты түрде марапаттаудан басталады. Содан кейін Экологиялық мұражайға бірнеше тегін экскурсиялар жоспарланған – 11:00, 14:00 және 17:00-де.

7-12 жастағы балаларды 10:30-да "Қоқысты бас" белсенді ойыны күтеді.

Сондай-ақ, "Біздің жасыл достарымыз" шөп ойыншықтарын жасау шеберханасы ашылады. Балалар үшін сағат 12:00 және 13:00 шеберлік сабақтары өткізіледі.

Сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін "Энергия үнемдеу – ақылға қонымды шешім" ойын-викторинасы өтеді.

Акция аясында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (экскурсия уақытынан басқа) экологиялық мұражай келушілер үшін тегін болады.

Іс-шараларға қатысу үшін WhatsApp арқылы тіркелу қажет: +7-701-736-59-37.

Тіркеу 4 маусымда 20:00-де аяқталады.

Акцияға қатысушылар саны шектеулі.