"Харекет" қайырымдылық қоры Теміртаудағы жалғыз басты анаға пәтер сыйлады

"Харекет" қайырымдылық қоры Теміртаудағы жалғыз басты анаға  пәтер сыйлады

"Харекет" қайырымдылық қоры Теміртау қаласында тұратын жалғыз басты анаға екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Мадина 22 жыл қыстақта құлдықта болған, оның үш баласы бар.

– Әйел туралы "Қайсар" қайырымдылық қоры арқылы білдік. Қор өкілдері оған бостандыққа шығуға көмектескен және онымен бір жыл жұмыс істеді. Ал біз Мәдинаға Теміртауда екі бөлмелі пәтер сыйлауды ұйғардық. Пәтер жақсы, жөндеу жұмыстары жасалған, – дейді Қарағанды облысы бойынша "Харекет" ҚҚ директоры Ақтоты Жүнісова.

Қазір Мадина мен оның балаларының өмірі жақсарып келеді.

– Менің отбасыма көмектескендердің барлығына рахмет айтқым келеді. "Харекет" және "Қайсар" қорларына ерекше алғыс білдіремін. Олар менің аяғыма тұрып, қалыпты өмірге оралуыма кемектесті, – дейді Мадина.

Естеріңізге сала кетейік, "Харекет" ҚҚ үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде қор республика бойынша 500-ге жуық отбасын, оның ішінде Қарағанды облысында 80-нен астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етті. "Харекет" жетім, көп балалы, жесір, жалғыз басты аналарға, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасыларға көмектеседі.