
Қазақстанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының кадр резервіне іріктеу аяқталды. "Таланттар пулына" 353 адам қабылданды. Оның 24-і Қарағанды облысының өкілдері.
Кадр резервіне кіруге екі мыңға жуық адам өтініш берді. Үміткерлер тестілеу мен әңгімелесуден тұратын бірнеше кезеңнен өтті. Оларды құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері кірген арнайы комиссия іріктеді.
Жеңімпаздарды бос басшылық лауазымдарға ұсынады. Қазірдің өзінде алғашқы тағайындаулар басталды.
"Таланттар пулы" елдегі кадрлық резервті құру бойынша төртінші жоба болды. Мемлекеттік корпорация осыған ұқсас жобалардың тәжірибесін зерттеді: "Президенттік жастар кадрлық резерві", "Елбасы академиясының салалық менеджерлері" және "Жас Өркен".
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалының ақпараты бойынша