Қарағандылықтарды джаз оркестрінің концерттік маусымының жабылуына шақырады

Қарағандылықтарды джаз оркестрінің концерттік маусымының жабылуына шақырады

Қарағандылықтар сүйіп тыңдайтын джаз оркестрінің концерттік маусымы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченконың жетекшілігімен 3 маусым күні сағат 18:30-да циркте аяқталады.

Концертке оркестрмен бірге солистер Айдан Тұңғышбаев пен Ксения Николаева қатысады.

Еске сала кетейік, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік Ashyq жобасының қатысушысы болып табылады. Концерттерге қатысу үшін Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу және оны залға кіре берісте көрсету қажет.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.