Қарағанды облысының Сарытөбе ауылында мектеп мұражайы ашылды

Қарағанды облысының Сарытөбе ауылында мектеп мұражайы ашылды

Сарытөбе кентінің жалпы білім беретін мектебінде мұражай ашылды, онда елді мекеннің тарихы, ауданның көрнекті тұрғындары туралы мұрағаттық деректер, сондай-ақ сирек кездесетін тұрмыстық заттар ұсынылған. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы "Қазақтану" шығармашылық орталығының басшысы Жомарт Мәліктің бастамасымен құрылған.

Мұражай қорын құнды жәдігерлермен педагогтар мен оқушылар ғана емес, ауыл тұрғындары да толықтырды. Олар ежелгі тұрмыстық заттарды, әшекейлерді, мұрағат құжаттарын және ауданның көрнекті тұрғындарының портреттерін табыс етті.

Мұражайдың ашылу салтанатына оқушылар мен мектеп қызметкерлерінен басқа, жергілікті ақсақалдар, "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі Увайс Джанаев, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесінің жетекшісі Айтбай Жұмағұлов қатысты.

– Кент тұрғындары үшін бұл өте маңызды оқиға. Мектепте балалар тек сапалы білім мен жақсы тәрбие алып қана қоймай, туған өлкенің және халқымыздың тарихын жан-жақты меңгере алатыны қуантады. Мұражай кенттің мәдени орталығына айналатынына сенімдімін, – деді Айтбай Жұмағұлов.