Қарағанды облысында 60-тан астам әскерге жаңа шақырылушы әскери ант қабылдады

Қарағанды облысында 60-тан астам әскерге жаңа шақырылушы әскери ант қабылдады

Қарағанды облысында «Астана» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының алпыстан астам әскери қызметшісі Отанына адал болуға ант берді. Жас мамандар Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан келеді.

Әскерлер қолбасшысының міндетін атқарушы полковник Бауыржан Ибатулин әскери анттың әрбір жолында терең мағына бар екенін атап өтті.

– Командирлеріңіздің, жолдастарыңыздың алдында қасиетті ант сөздерін айтқан сәттен бастап Сіздер Отанның толық қорғаушылары болып саналасыздар. Біз сіздердің рухтарыңыздың күшіне сенеміз және сіздер бізді жерге қаратпайсыздар деп үміттенеміз!

Әскерге шақырылушылардың ата-аналары ұлдарына құттықтау сөздерін айтып, ZOOM платформасында онлайн режимінде ант қабылдау рәсімін бақылай алды.

– Карантиндік шектеулерге байланысты мен ант беру рәсіміне қатыса алмадым, бірақ әскери рәсімді тікелей эфирде көргеніме қуаныштымын. Әрине, мен қобалжып тұрмын, бірақ әскери қызметті әрбір жас адам өткеруі қажет деп санаймын. Бұл тәжірибе де, ерліктің шыңдалуы да, оған кейінгі өмірде қажет болады, – деп есептейді Шығыс Қазақстан облысынан келген қатардағы жауынгер Алексей Оленевтің анасы Жібек Оленева.