
Үшінші облыстық «Студенттік әуестіктен табысты бизнеске дейін» дайын өнімдер жәрмеңкесін Ж. К. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжі өткізді. Шараға Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мен өңірдің Кәсіпкерлер Палатасы қолдау көрсетті.
Карантиндік шектеулерге байланысты іс-шара ZOOM платформасында қашықтықтан өтті.
Жәрмеңке талантты Қарағанды жастарының идеяларын көрсету үшін тамаша алаң болды. Оған Қарағанды облысының 27 колледжі мен 16 мектебінен 160 студент пен оқушы қатысты.
Жүздеген бұйымдар қолмен жасалды. Бұл ұсақ моншақтан жасалған әшекейлер, кәдесыйлар мен қобдишалар, тоқылған ойыншықтар, гүлдерге арналған металл едендік конструкциялар, ағаш қобдишалар, фетрден жасалған сөмкелер, суреттер, аспаздық өнімдер және т. б.
Іс-шараның идеясы 2017 жылы пайда болған. Сол кезде колледж оқытушылары Мәдениет Кейкова мен Надия Спанова № 101 мектеп-лицейінде кәсіпкерлік негіздеріне бейіндік оқыту шеңберінде ойыншықтар мен қолдан жасалған бұйымдардың жаңа жылдық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Кейіннен ол жыл сайын өткізіліп, бизнеспен айналысуға дайын оқушылар мен студенттердің санын көбейте отырып, облыстық деңгейге дейін өсті.
Осы жәрмеңкенің өнімдерін тек көріп қана қоймай, сайттан сатып алуға да болады: https://sites.google.com/view/karbc-3obl-yarmarka.