Қарағанды облысында Күзембаев атындағы шахтада жаңа лава іске қосылды

Қарағанды облысында Күзембаев атындағы шахтада жаңа лава іске қосылды

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Т. Күзембаев атындағы шахтасында жаңа лава іске қосылады. Нысанды мемлекеттік комиссия қабылдады.

«44К12-1В лавасы жұмысқа дайын. «Глиник-22/45» механикаландырылған кешенінің 160 секциялы жабдығын, SL300 тазалау комбайнын, «Анжер-34» кенжар конвейерін және ПСФ-34 қырғыш қайта тиегішін монтаждау жүргізілді. Біз жаңа лавада көмір өндіруді бастаймыз», – деп хабарлады кәсіпорында.

Лаваның ұзындығы – 240 метр. Оның жобалық қуаттылығы – 790 мың тонна көмірді құрайды. Кеншілер тәулігіне 4 мың тоннаға дейін көмір өндіреді деп жоспарлануда.