Қарағандылық оқушылар республикалық олимпиадада жеңіске жетті

Қарағандылық оқушылар республикалық олимпиадада жеңіске жетті

7–8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытында алты пән бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы аяқталды. Жалпы командалық есепте Қарағанды облысының командасы 2-ші орынға ие болды.

Біздің өңірді республикалық білім додасында жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің 24 жеңімпазы таныстырды. Жеке біріншілікте «Дарын» ОМЛ, Нұрмақов атындағы, Жамбыл атындағы, «Зияткер», №1 БИЛ және «Озат» ОМ 14 оқушысы жүлдегер атанды.

1-ші дәрежелі дипломдармен үш оқушы, 2-ші дәрежелімен – бес және 3-ші – алты оқушы марапатталды. Олимпиаданың тағы бір қатысушысы Құрмет грамотасын алды.