
Қалдықтарды кіріске қалай айналдыруға болады? Теміртауда бұл мәселені ғалымдар шешпек. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен Назарбаев Университеті болат балқытатын қождарды қайта өңдеу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
Мәселе өзекті, себебі металлургтер қаласында Кеңес заманынан бері болат балқыту шлактарының үйінділері жинақталған. Алайда оларды қолдану шектеулі болып қалады.
Жаңа материалдарды әзірлеу үшін конвертерлік өндіріс қалдықтарына (шлактарына) талдау жүргізілетін болады. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар көзделеді.
Болат балқыту шлактарын қолданудың үш саласы алдын-ала анықталды: жолдарды қыста ұстау кезінде абразивтер ретінде; асфальт агломераты және теміржол төсемінің балласт қабаты. Назарбаев университетінің профессорлары мен студенттері жол өндірісіндегі осындай материалдардың қауіпсіздігі мен тиімділігін зерделеуі тиіс.
— Бұл біздің бірлескен жұмысымыздың бастамасы ғана. Біз қалдықтарды өңдеуде жетістікке жететінімізге сенімдімін. Ынтымақтастық бізге халықаралық деңгейде тұрақты даму мәселелерінде алға жылжуға көмектеседі. Компания қалдықсыз өндіріске, Теміртауда экологиялық жағдайды жақсартуға ұмтылады, — деп түсіндірді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Биджу Наир.
— Біз ірі халықаралық компаниялармен қарым-қатынасты дамытуға аса мүдделіміз. Бұл жоба бүкіл экологиялық қауымдастық үшін, ғылыми әлеует құру үшін, Қазақстан экономикасы үшін маңызды, — деп санайды Назарбаев Университетінің провосты Илесанми Адесида.
Бұл жоба «АрселорМиттал» ҒЗТКЖ жаһандық бөлімшесінің қолдауымен жүзеге асырылады.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша