Нұра ауданының тұрғыны облыс әкімінің грантына электр және бензотехника жөндеу шеберханасын ашты

Нұра ауданының тұрғыны облыс әкімінің грантына электр және бензотехника жөндеу шеберханасын ашты

Нұра кентінің жас кәсіпкері Олег Реммель Қарағанды облысы әкімінің грантының көмегімен электр және бензотехниканы жөндеу шеберханасын аша алды. Миллион теңге оған ісін бастау үшін ғана жеткілікті болды. Кәсіпкер әлі күнге дейін көп нәрсені сатып алу керек дейді.

– Білімім бойынша мен ауыл шаруашылығы өндірісінің шеберімін. Отбасым Қарағандыда құрды, бірақ әрқашан кіші Отаным – Нұра ауылына оралуды армандадым. Жұбайыма «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс пен тұрғын үй ұсынылған кезде, біз келесі күні жиналып, көшіп кеттік, – дейді кәсіпкер.

Олег бизнесті ашу туралы көптен бері ойланып келненін айтады. Бұған дейін ол осындай қызметте төрт жыл жұмыс істеген. Кейіннен тәжірибе жинап, өз бетінше жұмыс істеуге дайын екенін түсінген. Мемлекеттік қолдау туралы ақпаратты зерттеп, өзінің шеберханасын ашуға мүмкіндік іздеген екен. Дайын бизнес-жоспармен облыс әкімінің грантына арналған конкурсқа қатысты. Нәтижесінде жеңімпаздар қатарынан табылды.

– 2020 жылдың желтоқсанында грантты алғаннан кейін бірден шеберхана аштым. Мен бензотехниканы жөндеуге арналған контейнер сатып алдым. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес ғимаратта мұндай жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. Бұрағыштан бастап 12 тонналық преске дейін жабдық сатып алдым. Өз ақшамды салуға тура келді. Мен әлі пайда таппаймын. Тек қажетті жабдықты сатып алуды жалғастырамын, – дейді Олег.

Кәсіпкердің айтуынша, оның қызметіне деген сұраныс жақсы. Соңғы тапсырыстардың бірі – ветеринарлық қызмет автомобильдеріне қызмет көрсету. Шеберхана туралы білген ауыл тұрғындары тұрмыстық техниканы жөндеу туралы өтінішпен жүгіне бастады.

– Мен олай болады деп ойламадым, – дейді Олег. – Енді грантқа тоңазытқыш жабдықтарын жөндеу бойынша бизнес-жоспар беруді көздеп отырмын. Уақыт жоқ: нағыз қызу маусым басталды. Қыста уақыт табуға тырысамын. Бүгін жұмыспен қамту орталығында болдым. Маған құжаттамамен айналысатын адам керек. Жалпы, барынша дамуды жоспарлап отырмын.