
12–14 мамыр аралығында онлайн форматта «Рухани қазына – 2021» фестивалі өтті. Шара барысында үздік кітапханалар анықталды. Абай атындағы Қарағанды кітапханасы «Үздік облыстық балалар кітапханасы» номинациясын жеңіп алып, дипломмен және миллион теңгеге ақшалай сертификатпен марапатталды.
Мәдениет қызметкерлері күні, 21 мамырда Көкшетау қаласында өткен марапаттау рәсімінде барлық жеңімпаздар лайықты сыйлықтарға ие болды.
Айта кету керек, мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалі тәжірибе алмасу, кітапханалар, мұражайлар, мәдени-демалыс саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру үшін Қазақстанда 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.