Теміртау еріктілері жалғыз басты зейнеткерлерді ыстық тамақпен тамақтандырды

Теміртау еріктілері жалғыз басты зейнеткерлерді ыстық тамақпен тамақтандырды

Мамыр айының басынан бері Теміртау қаласындағы «Шаңырақ» еріктілер орталығының еріктілері жалғыз басты және мұқтаж зейнеткерлерге ыстық тамақ берумен айналысуда. Күн сайын олар 40 адамды толыққанды тегін түскі аспен қамтамасыз етті. Орталықтың бұрынғы серіктесі

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ арқасында мұндай акция тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы Т. Әубәкіров атындағы мектеп қарттарға түскі ас әзірледі. Жинаққа бірінші, екінші тағам, салат, шырын және кондитерлік өнімдер кірді.

– Мен үш жыл волонтер болып келем. Бізде ыстық түскі асты тасымалдау акциясы тұрақты. Менің ойымша, біз дұрыс бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Аға буынды қолдап, олармен үнемі байланыста болу керек, – дейді ерікті Егор Дуцинин.

Осындай қолдауды қажет ететін жалғыз басты зейнеткерлердің тізімін еріктілерге қалалық ардагерлер кеңесі ұсынды.

– Акция арқылы біз қазақстандықтарды мұқтаж адамдарға қамқорлықпен қарауға шақырамыз. Егер зер салып қарайтын болсақ, әр адамның жанында көмекке зәру, бірақ оны сұрауға ұялатын адам бар, – деп есептейді орталық басшысы Әсем Сұлтанова.

20 күн ішінде 800 ыстық түскі ас жеткізілді. «Шаңырақ» еріктілер орталығы бұл акцияны әрі қарай да өткізуді жоспарлап отыр.