Үш қарағандылық «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды

Үш қарағандылық «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне ие болды

Қарағанды облысының мәдениет қызметкерлеріне кәсіби мереке құрметіне мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгілері мен алғыс хаттарын табыс етті. Марапаттау Станиславский театрында өтті.

– Пандемияға қарамастан, сіздер әлеуметтік желілерде жұмыс жүргіздіңіздер. Оқырмандармен және көрермендермен қарым-қатынас жасаудың қосымша мүмкіндіктерін игеруге тура келді. Zoom платформасындағы онлайн байланыс, хабар тарату, конференциялар мен шолулар аудиториямен байланысты жоғалтпауға көмектесті. Келе жатқан мерекелеріңізбен! Сіздерге алдағы уақытта шығармашылық табыстар, қызметтеріңізде биіктерге жетулеріңізді тілеймін! – деп Еркебұлан Жұмакенов әріптестерін құттықтады.

Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен келесі тұлғалар марапатталды:

- Әсемгүл Ахметжанова – Шет ауданы мәдени-ойын-сауық орталығының директоры;

- Владимир Хомутов – Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі;

- Әлия Құлғалиева – Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің әртісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары:

- Болат Шибутов – Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының хор әртісі;

- Қаламқас Хасенова – Қарағанды облыстық зағиптар және нашар көретіндерге арналған арнайы кітапханасының көзі нашар көретіндерге абоненттік қолдау көрсету секторының меңгерушісі;

- Светлана Тихонова – Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының қуыршақ труппасының актрисасы;

- Евгения Тесла-Ярцева – Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі.