
Кеншілер мәдениет сарайы 31 мамыр күні Жас қарағандылықтарды «Өз бойыңнан суретшіні тап» кескіндеме бойынша шеберлік сабағына шақырады. Акция Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған.
Шеберлік сабағы екі жас тобында өтеді:
- 5-8 жас – 11:00-ден 13:00-ге дейін;
- 9-13 жас – 14:00-ден 16:00-ге дейін.
Қатысушыларға барлық қажетті материалдар ұсынылады. Шеберлік сабағының ұзақтығы – 2 сағат.
Тіркелу үшін келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласу керек: +7-707-121-83-99, +7-708-294-15-36.
Орындар саны шектеулі.
Шеберлік сабағының соңында қатысушыларға сыйлықтар беріледі.
Айта кетейік, 19 мамырдан бастап КМС Ashyq жобасының қатысушысы болып табылады.