ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, коронавирустық инфекция бойынша шектеу іс-шаралары кезеңінде (қауіп аймағына қарамастан) жалпы білім беретін мектептерде соңғы қоңырау шалу және аттестаттарды тапсыру санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда рұқсат етіледі.
9, 11 (12) сынып түлектері мектепті бітіргеннен кейін салтанатты іс-шаралар тек ашық ауада, басқа іс-шараларсыз өткізілетін болады.
Салтанатты іс-шара басталғанға дейін (соңғы мектеп қоңырауы, аттестаттарды тапсыру) мектеп аумағын тазалау және қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз ету қажет.
Түлектердің өзінен басқа салтанатты іс-шараға бір ата-анадан немесе қамқоршыдан (әрбір түлекпен) қатыса алады, сондай-ақ мектептің оқытушылар құрамы алты адамнан артылмауы тиіс.
Карантиндегі адамдар (КВИ-мен, КВИ-мен ауыратын науқастармен жақын байланыс) іс-шараға қатыспауы тиіс.
Сонымен қатар, мектеп аумағында адамдар мен қонақтардың (ата-аналар, жақын туыстар, қамқоршылар және т.б.) жиналуына жол берілмейді.
Салтанатты іс-шаралар кезең-кезеңмен өткізіледі. Бұл ретте бір мектептің аумағында тек бір ғана бітіру сыныбы болады.
Іс-шараларды өткізу уақыты 45 минуттан аспауы тиіс.
Сыныптар арасындағы аралық кемінде 30 минутты құрауы тиіс.
Соңғы қоңырау шалу және аттестаттарды тапсыру кезінде сәлемдеме қол алысуға жол берілмейді. Барлық қатысушылар маска режимін және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.
Педагогикалық ұжым мен оқушыларға антисептикалық дәрісі бар жеке құтыларды пайдалану ұсынылады.
Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін көшеде және қоғамдық тамақтану объектілерінде (мейрамханалар, дәмханалар және т.б.) жаппай серуен өткізуге тыйым салынады.
Іс-шара аяқталғаннан кейін дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, мектеп үй-жайларын ылғалды жинауды жүргізу қажет.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша