
Қарағандыда 21 мамыр күні сағат 18:30-да Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті мен Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің концерттері өтеді.
Квартеттің өнер көрсетуі «Шалқыма» концерт залында өтеді.
Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев.
Қазақ халық аспаптары оркестрінің концерті үшін сахнаны Сейфуллин театры ұсынды. Н. В.Гоголь атындағы кітапханамен бірлесе ұйымдастырылған «Жырға арналған ғұмыр» әдеби-сазды кеші Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Ерлан Бақтыгерей.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.
Еске салайық, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік Ashyq жобасының қатысушысы. Концерттерге қатысу үшін Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберісте көрсету керек.