
Теміртауда балабақша құрылысының үздік идеялары іріктеледі. Жобалар байқауын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жариялады. Барлық тілек білдірушілер өз ұсыныстарын жібере алады.
Жаңа балабақша компанияның кезекті әлеуметтік жобасына айналады. Жүйе құрушы кәсіпорын бұрын емхана мен спорт кешенін салып, қалаға өтеусіз пайдалануға берді.
Балабақшаның құрылысы Теміртау қаласының 4а орамында жүргізіледі деп жоспарланған.
Конкурсқа өтінімдерді мына электрондық поштаға жіберуге болады: AMTpress@mail.ru.