
Қарағандының Назарбаев Зияткерлік мектебі жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада табысты өнер көрсетті. Оқу орны «Үздік олимпиадалық мектеп – 2021» номинациясы бойынша үшінші орынға ие болды.
Олимпиадаға Қарағанды НЗМ-нің бес оқушысы қатысты: Әмір Әлмұханов, Дінмұхамед Хамзин, Рахим Баймурзин, Аркадий Цай және Екатерина Боголюбова. Олардың барлығы күміс медаль жеңіп алды.
НЗМ құрамасы жалпы есеп қорытындысы бойынша «Үздік олимпиадалық команда – 2021» атағына ие болды. Бұл нәтижеге қарағандылықтар да өз үлестерін қосты.