
Қарағанды мемлекеттік зоологиялық паркінде жануарлар төлдеуде. Мұнда үш түлкі дүниеге келді. Бірақ оларға әлі есімдер берілген жоқ.
Бұл мүмкіндікті хайуанаттар бағының басшылығы қарағандылықтарға ұсынып отыр. Instagram-дағы @krgzoo әлеуметтік парақшасында түлкі кұшіктеріне арналған ең жақсы атауларға конкурс жарияланды.
Ұсынғыңыз келген есмдерді комментарийде жазуға болады. Қарағандылықтар кішкентай түлкілерді Билли, Вилли, Дилли, Коржик, Карамелька, Компот деп атауды ұсынды…
Жеңімпазға сыйлық беріледі.