Қарағандылық оқушылар Тұран университетінің грантын жеңіп алды

Қарағандылық оқушылар Тұран университетінің грантын жеңіп алды

Қарағанды облысы білім басқармасының "Дарын" мамандандырылған мектеп-интернатының "Аулбибексаул" командасы республикалық дебат турнирінде бірінші орынға ие болды. Команда мүшелері Әлім Аймағамбет, Эвальд Барт және Айдана Еркін Тұран университеті гранттарының иегерлері атанды.

Тұран университеті ұйымдастырған World Schools форматындағы ағылшын тіліндегі дебат турнирі 25 сәуір мен 16 мамыр аралығында екі кезеңде өтті.

TOURNAMAN алаңындағы онлайн-форматтағы іріктеу турниріне Қазақстанның түкпір-түкпірінен 108 командадан 413 оқушы қатысты.

Пікірсайыстардың финалдық турнирі 15–16 мамыр күндері Алматы қаласындағы Тұран университетінің базасында TOURNAMAN және ҚР БҒМ РҚБООӘО жанындағы пікірсайыс қозғалысының жобалық кеңсесінің қолдауымен офлайн-режимде өтті.

Финалға іріктеу кезеңінен өткен 165 оқушы қатысты. Олар өз көзқарастарын дәлелдеп, түрлі сұрақтарға дипломатиялық жауап бере білетіндіктерін көрсетті.

Қазылар алқасының құрамында әлемнің 17 елінен келген төрешілер болды. Олар дебат турниріне қатысушылардың эрудициясын және ағылшын тілін жақсы меңгергендігін атап өтті.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай турнирлерді өткізу құқықтық мәдениетті, азаматтық белсенділікті, шығармашылық және креативті ойлауды қалыптастыруға көмектеседі, жастарды қарым-қатынас жасауға дағдыландырады және командада жұмыс істеуге үйретеді.

Айта кету керек, "Ауылбибексаул" командасы республикалық оқушылар турнирінің "Ұшқын ой алаңы" чемпионы және облыстық "Сарыарқа саңлағы" турнирінің жеңімпазы болған.