Қарағанды облысында Халықаралық мұражайлар күні қалай өтпек

Қарағанды облысында Халықаралық мұражайлар күні қалай өтпек

Он сегізінші мамырда бүкіл әлемде Халықаралық мұражайлар күні атап өтіледі. Пандемияға дейін Қарағанды облысының мұражайлары жаппай ашық есік күнін ұйымдастырды. Бүгінгі таңда карантинге байланысты көптеген мәдени мекемелер өз іс-шараларын онлайн форматқа көшірді.

Мәселен, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы мерекелік күнге орай екі бейнесюжет дайындады. Бұл "Сандық мұражай" промо-ролигі және "Экспонаттың пайдасы: мұражайдан тыс жерлер" бейнесі.

Instagram: https://www.instagram.com/temirtau.muzey.

Facebook: https://www.facebook.com/Темиртауский-историко-краеведческий-музей-283984288679384.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қала тұрғындары мен қонақтарын 18 мамыр күні "Мұражайлық party" шарасына шақырады. Сағат 09:00-ден 18: 00-ге дейін мұнда ашық есік күні және офлайн-келушілерге арналған ойын-сауық бағдарламасы өтеді.

Instagram: https://www.instagram.com/museum_krg.

Facebook: https://www.facebook.com/muzeum.karaganda.

Сол күні сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "VIVAT Музей!" көрмесі өтеді. Экспозиция үшін мұражай қорларынан өнер туындылары таңдалды, олар соңғы бірнеше жылда келушілерге үлкен әсер сыйлаған. Әр өнер туындысына қарама-қарсы ілінген мәтін - ол туралы пікір болады.  Экспозицияня мұражай залдарында осы пікірлердің дауыстап оқылуы толықтырады.

Instagram: https://www.facebook.com/izo.karaganda.

Facebook: https://www.instagram.com/karaganda_muzei_izo.

Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы виртуалды іс-шара қонақтарына онлайн-форматта дайындалды. Бұл репрессияға ұшыраған суретшілердің "Карлаг шығармашылығының бұрышы" көрмесі. Театр қойылымдары: "Біз болашақтанбыз", "Сәбилер үйінің бөлмесі", "Ұлы жұт", "Карлаг сахнасында тұтқындардың өнер көрсетуі". Сондай-ақ, "Киноляпы" және "Жоғалған элемент" айдарлары ұйымдастырылады.

Instagram: https://www.instagram.com/karlagmuseum.

Facebook: https://www.facebook.com/Музей-памяти-жертв-политических-репрессий-2119824828031769.

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы "Тарихта өз есіміңді қалдыр: мұражайға 30 бірегей жәдігер сыйла" акциясының қорытындысын шығарады, сондай-ақ мұиажай ардагерлерімен "Ардагерлерді ардақтайық" атты кездесу және "Қазіргі қоғамдағы музейдің атқаратын рөлі" дөңгелек үстелін өткізеді.

Instagram: https://www.facebook.com/profile.php?id=100046175552546.

Facebook: https://www.instagram.com/zhez_museum.

Жезді кентінде М.Төрегелдин атындағы Тау-кен және балқыту тарихы мұражайында Ашық есік күні өтеді. Тікелей эфирде "Жайлауға көшу" этноэкскурсы ұйымдастырылады.

Instagram: https://www.instagram.com/muzei_zhezdy.

Facebook: https://www.facebook.com/muzei.jezdy.