
Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай «Бір отбасы – бір кітап» облыстық акциясы аясында «Абай және оқырмандар отбасы» онлайн-фестивалін ұйымдастырды. Оған Zoom платформасында 500-ден астам және YouTube арнасында 200-ге жуық адам қатысты.
Мұндай іс-шаралар отбасылық оқу дәстүрлері мен руханиятты жандандыру, жас ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын ояту үшін өткізіледі.
Түрлі көркем шығармалармен танысу, балаларды отбасылық оқуға тарту тәсілдері туралы естеліктерімен облыстың танымал адамдары, университет оқытушылары, кітапхана қызметкерлері және фестивальдің басқа да қонақтары бөлісті.
Сондай-ақ, «Бір отбасы – бір кітап» акциясы аясында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты облыстық байқау өтті.
Гран-при иегерлері:
1. Лапиндер отбасы – Саран қаласының №1 мектеп-лицейі.
2. Болатовтар отбасы – Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия.
3. Молдағұловтар отбасы – мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты.
4. Нарбай отбасы – Саран қаласының №4 жалпы білім беретін мектебі.
5. Сәлімгерей отбасы – Бұқар Жырау ауданының Кузнецк жалпы орта білім беретін мектебі.
«Байқауда кезекті рет үздік атанған отбасылар отбасылық оқу дәстүрінің тамаша үлгілерін көрсетті», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.