
Теміртаудағы балалар алаңдарының бірінде жергілікті фитнес-жаттықтырушы Юлия Савич қала тұрғындарын спортпен тегін айналысуға шақырады. Аптасына үш рет кез-келген адам жаттығуға қосыла алады және күні бойына оң әсер алады.
Тұрғындарды спортқа тарту үшін Юлия көпқабатты үйлердің кіреберістеріне жарнамалар іліп, әлеуметтік желілерде пост жариялады.
– Мен әрдайым іс-шаралар өткізуді жақсы көретінмін. Маған қуаныш сыйлаған ұнайды. Мен еш қиналмаймын, адамдар да риза. Спорт – керемет. Бұл өмір, бұл қозғалыс, – дейді жаттықтырушы.
Таңертеңгілік жаттығулар қарапайым қозғалыстардан тұрады. Ол жас және аға буынға ыңғайлы, қол жетімді.
Жаттығулар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 08:30-да 2-ші шағын аудандағы балалар алаңдарының бірінде өтеді.
etemirtau.kz