Қарағандылықтарды симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

Қарағандылықтарды симфониялық оркестрдің концертіне шақырады

15 мамыр күні сағат 17:00-де "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Дирижер - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Петр Грибанов.

Концерт бағдарламасында Габриэль Форенің "Морис Метерлинктің "Пеллеас және Мелисанда" драмасына музыкадан Сюита" шығармасы, ор. 80", Франсуа Борнның "Оркестрмен флейтаға арналған Жорж Бизенің "Кармен" операсы тақырыбындағы тамаша қиял" және Жорж Бизенің "№1 С-dur симфониясы".

Оркестрмен бірге халықаралық конкурстардың лауреаты – солист Хадиша Елібаева (флейта, Нұр-Сұлтан қ.) өнер көрсетеді.

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік - Ashyq жобасының қатысушысы. Концертке қатысу үшін Ashyq мобильді қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлеу және оны залға кіре берісте көрсету қажет.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.