Жезқазған мұражайында оқушыларға металл бойынша көркем жұмыс тәсілдерін үйретті

Жезқазған мұражайында оқушыларға металл бойынша көркем жұмыс тәсілдерін үйретті

Оқушылар үшін «Металл бойынша көркем жұмыс» тақырыбында шеберлік сабағын Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы ұйымдастырды. Кешубай Байділдинов, мұражай қызметкері және қолөнер шебері балаларға металлға өрнек салудың негізгі әдістерін көрсетті.

– Шеберлер өткір аспаптың көмегімен металға түрлі ою-өрнек салу үшін «шекіме әдіс» тәсілін ертеден қолданған. Мен балаларға қол жетімді құралдардың көмегімен жасалатын бедерлі өрнектің ең қарапайым нұсқасын көрсеттім, – дейді Кешубай Байділдинов.

Сондай-ақ мұражайда шебердің жұмыстарының көрмесі өтті.