Қарағандылық медицина студенттерінің екі стартапы республикалық байқауда үздік деп танылды

Қарағандылық медицина студенттерінің екі стартапы республикалық байқауда үздік деп танылды

Қарағанды медицина университетінің командалары Tumar Student Business Challenge студенттік стартаптар мен бизнестер байқауының жеңімпаздары атанды.

Бұл шара ERG (Еуразиялық Топ) компаниясының «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» бастамасы аясында үшінші рет өткізіліп отыр. Биыл байқауға Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар қалаларынан 106 университет пен колледж командалары өздерінің стартаптары мен жобаларын ұсынды. Оның он бесі жеңімпаз деп танылды.

Қарағандылық медицина студенттері екі стартаппен шықты - әлеуметтік дәріхана және сауда автоматтары (вендингтік сауда) арқылы медициналық мақсаттағы тауарларды сататын және бұйымдарды одан әрі кәдеге жарататын жергілікті компания. Екеуі де үздіктер қатарына енді.

Әзірлеушілер Нұр-Сұлтанда өтетін Entrepreneurial Meetup-қа шақыру алды. Барлық жеңімпаз командалар «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының резиденті бола алады және оның барлық бастамаларына қатыса алады.

Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі 2017 жылы ERG (Еуразиялық Топ) компаниясының бастамасымен, Алматы менеджмент университетімен және Қазақстандағы Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығымен серіктестікте іске қосылды.

Толық ақпарат сайтта ecosystemerg.kz.