
«Математика және жобалау» XV халықаралық ғылыми онлайн-байқауының қорытынды кезеңінде Қарағанды облысын сегіз адамнан тұратын команда таныстырды. Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның 10 сынып оқушысы Бегайым Мақсұтова «Табиғаттағы және қоғамдағы нақты үдерістердің математикалық модельдері» номинациясы бойынша 3-ші орын алды.
Оны математика пәнінің мұғалімі Жанна Әшімова дайындады.
Айта кету керек, математикалық байқауға жалпы білім беретін мектептердің 7–1 1 сынып оқушылары, Ресей, Қазақстан, Беларусь және Болгария елдерінің орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Оқушылар өз жобаларын 11 номинация бойынша ұсынды.
Сондай-ақ байқаудың қорытынды кезеңі аясында оқытушылар үшін әдістемелік әзірлемелер фестивалі ұйымдастырылды.